Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Ресейдегі қазақстандық БАҚ өкілдіктерінің меншікті тілшілерін кәсіби мерекемен құттықтады

28.06.2024

Бүгін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде аккредиттелген қазақстандық БАҚ тілшілерімен кездесті.

"Хабар" телеарнасының тілшісі Дана Нұржан, "Қазақстан" телеарнасының тілшісі Индира Бегайдар және "Қазақпарат" ақпараттық агенттігінің тілшісі Нарымбек Исмағұловқа шығармашылық табыс пен биік белестерді тіледі.

Д.Абаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Қазақстан-Ресей қатынастары мен елшіліктің қызметін ақпараттық қамтамасыз етіп, лайықты деңгейде жариялағаны үшін ризашылығын білдіріп, жаңа шығармашылық табыс тіледі.

Сондай-ақ өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері талқыланып, одан әрі ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.