Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей Латын Америкасы бағытындағы ынтымақтастықты талқылады

27.06.2024

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде департамент директорлары деңгейінде латын америкасы мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин, ресейлік тарапты – РФ СІМ Латын Америкасы департаментінің директоры Александр Щетинин басқарды.

Консультациялар барысында тараптар Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастық саласындағы тәжірибелерімен бөлісті, өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар арасында тұрақты консультациялар тәжірибесін жалғастыруға келісті.