Жаңалықтар

Қазақстан Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастықты дамытуда

26.06.2024

Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин Доминикан Республикасы, Никарагуа, Уругвай, Аргентина, Колумбия, Перу, Чили, Гватемала және Сальвадор елдерінің елшілерімен кездесулер өткізді.

Жүргізілген кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде өзара сапарларды ұйымдастыру, саяси консультациялар өткізу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, көпжақты құрылымдар шеңберінде қолдаумен алмасу және өңір елдерімен визалық режимді жеңілдету мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерімен ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында тұрақты байланыстарды одан әрі қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.