Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Калуга облысында болды

24.04.2024

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Калуга облысына жұмыс сапарымен барды.

Өңір губернаторы Владислав Шапшамен кездесу барысында өзара саудадағы оң динамика атап өтілді. 2024 жылдың екі айында тауар айналымы 30%-ға өсті. Қазақстан Калуга облысының негізгі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Оның үлесіне ТМД елдерімен өңірдің барлық сауда айналымының төрттен бір бөлігі тиесілі.

"Калуга" арнайы экономикалық аймағына, "АйСиЭм Гласс Калуга" көбік шыны зауытына және "Меркатор Калуга" кәсіпорнына барған соң, Елші Калуга облысының өндірістік және логистикалық әлеуетін жоғары бағалады. Ол жергілікті іскер топтарды ынтымақтастыққа шақырып, олардың бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Тараптар электроника өнеркәсібі, машина жасау, медициналық жабдықтар өндірісі, автомобиль бөлшектерін өндіру, фармацевтикалық өнімдер және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жақсы мүмкіндіктеріне назар аударды.

Іскерлік миссияларды, кәсіпкерлердің бірлескен форумын ұйымдастыру, әуе қатынасын ашу және ғылыми-білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапар соңында Елші 1885-1901 жылдары Калуга қаласының басшысы Иван Ципулиннің ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, К.Э. Циолковский атындағы Мемлекеттік космонавтика тарихы мұражайында болды.