Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Новосибирск облысының губернаторы А.Травниковпен кездесті

20.11.2023

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Новосибирск облысының губернаторы Андрей Травниковпен кездесті. Кездесу аймақтың күндері аясында Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өтіп жатқан "Ресей" халықаралық көрмесі мен форумында өтті.

Тараптар өзара ынтмақтастықтың қазіргі жағдайына жоғары баға берді. Қазақстан Новосибирск облысының тауар айналымында жетекші орын алады, бұл аймақтағы барлық тауар айналымының шамамен 15% құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 1 млрд доллардан асып, 2021 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға жоғары болды.

Қазақстанда новосібірлік компаниялардың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Азия елдерімен байланысты қамтамасыз ететін қажетті көлік-логистикалық инфрақұрылым бар екені баса айтылды.

Новосибирск облысы сонымен қатар ірі ғылыми және білім беру орталығы болып табылады. Жергілікті жоғары оқу орындарында 5 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті. Атап айтқанда, Елшінің қараша айының соңында Новосибирск облысына жасайтын сапары барысында ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланады.