Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев "Әділетті Ресей – Патриоттар – Ақиқат үшін" партиясының төрағасы С.Мироновпен кездесті

14.11.2023

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев "Әділетті Ресей – Патриоттар – Ақиқат үшін" саяси партиясының төрағасы, оның Мемлекеттік Думадағы фракциясының жетекшісі Сергей Мироновпен кездесті.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жақында жасаған ресми сапары аясында Қазақстан-Ресей қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.  

Тараптар барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың оң дамуын атап өтті. Атап айтқанда, парламентаралық өзара іс-қимылдың оң динамикасы атап өтілді және оны одан әрі кеңейтуге уағдаласты.