8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясының Спорт министрі Олег Матыцинмен кездесті.
Екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды.
Олег Матыцин қазақстандық спортшыларды 2024 жылы Ресейде өтетін барлық ашық спорттық іс-шараларға қатысуға шақырды. Оның ішінде Болашақ ойындары мен Қазандағы БРИКС ойындары, Мәскеу мен Екатеринбургтегі Достық ойындары бар.
Қазақстанның ШЫҰ-ға қазіргі төрағалығын ескере отырып, ШЫҰ спорт ойындарын өткізу идеясы алға тартылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2026 жылдарға арналған екі ел арасындағы спорттық ынтымақтастықты дамытудың Спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмысты жандандыруға келісті.