Жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттар көрнекті ресейлік әріптесімен қоштасты

20.09.2023

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қызметкерлері көрнекті ресейлік дипломат, РФ СІМ Дипломатиялық академиясының экс-ректоры Евгений Бажановпен қоштасу рәсіміне қатысты.

Ол 18 қыркүйекте 77 жасында қайтыс болды.

Бажановпен кеңестік сыртқы істер министрлігінде әріптес және көп жылдардан бері дос болған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.

"Евгений Петровичтің есімі Ресей Федерациясының ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, халықаралық мамандарды даярлаудың беделді орталығы РФ СІМ Дипломатиялық академиясының даңқты тарихымен тығыз байланысты. Евгений Петровичтің Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесі де есте қалды. Евгений Бажановтың адал жолдас, жоғары білімді ғалым ретіндегі жарқын бейнесі достарының жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген көңіл айту хатында. 

Евгений Бажанов Троекуровский зиратында жерленді.