Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Д.Козакпен кездесті

15.09.2023

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козакпен кездесті.

Екіжақты форматтағы және өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Алдағы өтетін іс-шараларды жоғары деңгейде талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Ресей басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыздылығын атап өтті.