8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Бүгін Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толуына орай Елші Дәурен Абаев бастаған Қазақстан Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары Мәскеудегі ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Дәурен Абаев атап өткендей, Абай шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Шиллер және әлемдік мәдениеттің басқа да өкілдерінің туындылары қазақ тілінде сөйледі.
Іс-шараға Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері мен жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. "Абай оқулары" форматында олар қара сөздерін оқып, әйгілі "Желсіз түнде жарық ай" әнін шырқады, сондай-ақ ойшылдың шығармашылығы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар алды.
Еске салайық, Абай күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы қаулысымен бекітілген болатын. 1845 жылғы 10 тамыз оның туған күні болып саналады. Бүгін Twitter-де Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Абай ұлттың рухани дамуына зор үлес қосты. "Оның өсиеттері өскелең ұрпақ үшін адамгершілік бағдар ретінде қызмет етеді. "Адал Азамат" ұғымы оның "мінсіз адам" ұғымымен тығыз байланысты. Біздің міндетіміз – Абайдың баға жетпес мұрасын құрметтеу", – деп атап өтті Президент.