Жаңалықтар

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында дауыс бердi

19.03.2023

Бүгін Мәскеудегі ҚР Елшілігі мен Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларындағы ҚР Бас консулдықтарында ашылған сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлауда дауыс бердi.

Елшілік дауыс берудің мәтіндік трансляциясын жүргізді (Мәскеу уақыты):

20:00. Дауыс беру аяқталды. Жалпы Ресейдегі сайлау учаскелерінде қатысуға тіркелген 2490 адамның 1355-і дауыс беріп, 54,4% құрады.

15:30. Мәскеу уақытымен сағат 15:30-дегі мәлімет бойынша, Ресейдегі сайлау учаскелерінде 1099 адам (Мәскеуде – 517, Санкт-Петербургте – 270, Астраханда – 69, Омбыда – 26, Қазанда – 217) дауыс берді.

15:30. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушысы Андрей Брыксенков сайлау мониторингіне тұрақты түрде қатысатынын еске салды. "Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс беру тыныш және демократиялық талаптарға сай өтіп жатқанын атап өткім келеді.Президенттік сайлаумен салыстырғанда сайлаушылар санының аз болуы елдің дамуындағы тұрақтылықпен байланысты болса керек. Себебі азаматтар  бәрі дұрыс жасалуда және кейбір өзгерістер үшін қосымша күш қажет емес деп санайды. Сайлау мемлекеттің өз азаматтарына деген көзқарасын көрсетеді. Біздің бүгінгі көріп отырғанымыз Қазақстанның бұл үдеріске өте жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді", – деді Андрей Брыксенков. 

Оның әріптесі Марина Лапенко да Мәскеудегі сайлау учаскесіндегі сайлау процесінің барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, барлығы халықаралық стандарттарға сай жүргізіліп жатыр. "Осыдан тура 4 жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатуының символдық мәні бар. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі дауыс беру қараша айында президенттік сайлауда басталған саяси циклды аяқтау тұрғысынан маңызды. Осылайша, Қазақстан дамуының жаңа кезеңі басталып жатыр, оның тұрақтылығы мен өркендеуін бәріміз қалаймыз", – деді ол.

12:00. Жергілікті уақытытпен сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесінде 271 адам дауыс берді.

10:40. Мәскеудегі сайлау учаскесіне дауыс берушілер отбасыларымен бірге келуде.

10:00. Жергілікті уақытытпен сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесінде 150 адам дауыс берді.

10:00. Ресейде жұмыс істейтін қазақстандықтар да дауыс беруде белсенділік танытуда. Олардың қатарында Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Мәскеу облысы, Дубна қаласы) кіші ғылыми қызметкері Виктория Дик бар. "Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, сайлау учаскесіне келіп, бір партияға дауыс беруді парызым деп санаймын. Қазақстан болсын, басқа мемлекет болсын, әрбір азамат өз мемлекетінің саяси өміріне қатысуға міндетті деп есептеймін. Бізге, әсіресе, жастарға, қазіргі Жаңа Қазақстан дәуірінде, болашағымыз бүгінгі таңда айқындалып жатқанда белсенді болуымыз қажет",  деді бойжеткен.

09:00. РФ Қорғаныс министрлігінің Князь Александр Невский атындағы Әскери университетінің 2 курс курсанты Елеухан Шадыман сайлауға алғашқылардың бірі болып келді. "Елімнен жырақта жүрсем де, өзімнің азаматтық борышымды өтеу мен үшін жауапты іс. Бүгінгі сайлау біз үшін мереке, Мәскеудегі қазақтар болып жиналып, дауыс беруге келдік", – дейді Елеухан..

 

 

 

 

08:30. Жексенбі күніне қарамастан, Мәскеуде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Келушілерге ыстық шай мен бауырсақ ұсынылады.

07:05. Мәскеудегі сайлау учаскесінде бірінші болып Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының 2 курс студенті Даяна Көшімова дауыс берді. "Мен өмірімде бірінші рет дауыс беріп отырмын. Ең алдымен, мен өз таңдауымды еліміздің игілігі үшін жасадым. Менің ойымша, қазақстандықтар бақытты өмір сүруді үйренуі керек, өйткені біз оған лайықпыз. Мен бүгін ерте келдім, өйткені менде белгілі бір құндылықтардан тұратын азаматтық ұстаным бар және бұл құндылықтарды Менің отбасым үйреткен. Бұл сайлау біздің мәселелерімізді алаңдарда емес, сайлау учаскелерінде шешуге көмектеседі деп сенемін",  деп өз ойымен бөлісті.

 

 

07:00. Қазанда сайлау учаскесі ашылды

 

 

07:00. Санкт-Петербургте сайлау учаскесі ашылды

 

 

07:00. Мәскеуде сайлау учаскесі ашылды

 

 

06:00. Астраханда сайлау учаскесі ашылды

  

   

04:00. Омбыдағы сайлау учаскесінде дауыс беру Ресейдегі басқа қалалардан ерте басталды.