Жаңалықтар

Красноярск өлкесі мен Абай облысының іскерлік байланыстарды дамытудың әлеуеті зор және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін алғышарттар бар

3.03.2023

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев экономикалық форум аясында Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усспен кездесу барысында атап өтті.

Оның айтуынша, ресейлік әріптестермен педагогикалық кадрлардың тәжірибе алмасуы, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

– Красноярск өлкесі – орманды өлке, біз орманның 100% дерлік қалпына келтіру бағытын белгіледік, бүгінде өз серіктестерімізді көгалдандыру материалдарымен қамтамасыз етуге дайынбыз. Оны Моңғолияға жіберіп қойдық. Биылғы жылы Қазақстан да осы саладағы өнімдерімізді алады деп ойлаймыз, – деді Усс Красноярск өлкесі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейін.

️Ол сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамытудың әлеуеті зор екенін және ауыл шаруашылығы өнімдері – астық, ұн өнімдері, жабайы өсімдіктер, ет экспортын ұлғайту үшін алғышарттар бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар білім, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі бар.