8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Мемлекеттік Думада Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев пен ҚР Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық топ мүшелері Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жай-күйі мен болашағын талқылады. Бұл диалогтың бірегей форматы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кездесуге Мемлекеттік Дума Төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік Дума мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның тең төрағасы Александр Жуков, Мемлекеттік Думадағы "Единая Россия" фракциясы жетекшісінің орынбасары, ҚР Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық топтың үйлестірушісі Виктор Селиверстов, Мемлекеттік Думаның ұлттар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Геннадий Семигин, Мемлекеттік Думаның Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Сергей Қабышев, Мемлекеттік Думаның шағын және орта кәсіпкерлік жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Альфия Когогина, Мемлекеттік думаның қорғаныс істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Андрей Красов, Мемлекеттік Думаның азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ольга Занько, Мемлекеттік Думаның Өнеркәсіп және сауда комитетінің мүшесі Владимир Павлов, Мемлекеттік Думаның Экономикалық саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Сергей Алтухов қатысты.
Тараптар дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында қол жеткізілген сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жоғары деңгейіне тоқталып, қараша айының соңында Мәскеуде өткен Қазақстан мен Ресей Президенттерінің келіссөздеріне және Орынбордағы екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумына оң баға берді.
Парламентаралық ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтіліп, оны одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады. Ермек Көшербаев Қазақстандағы саяси жүйені демократияландыруға, Парламенттің рөлін нығайтуға, азаматтарды ел өміріне белсенді тартуға бағытталған реформалар туралы айтты. Осыған байланысты, Елші келесі жылы Қазақстанда өтетін парламенттік сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жандандыру үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.