8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2022 жылғы 20 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Мәскеудегі сайлау учаскесі азаматтарды қабылдауға толық дайын:
Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
Сайлаушылар тізіміне ену үшін төмендегі форманы толтыруларыңызды сұраймыз (сiлтеме).