Жаңалықтар

Қазақстандықтар Ресейге құрлық шекарасы арқылы бара алады

30.03.2022

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 656-р қаулысына сәйкес (сілтеме), Қазақстан азаматтары Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы қосымша негіздерсіз еркін кіре алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруі тек Ресей-Қазақстан және Ресей-Моңғолия шекараларының құрлықтағы өткізу пункттері арқылы ғана мүмкін.

Ресейдің басқа мемлекеттермен шектесетін құрлық шекарасының өткізу пункттері арқылы кіру әлі де шектеулі және тек белгілі санаттағы азаматтарға рұқсат етіледі (сілтеме)

Ресей Федерациясының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2022 жылғы №10 қаулысында айтылған сәйкес (сілтемені қараңыз), Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы келетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (оның ішінде Қазақстан) азаматтары коронавирусқа тест тапсырмайды және тиісті сауалнаманы толтырмайды.