Жаңалықтар

Ресейліктер қазақстандықтармен бірге қайғырады

10.01.2022

Еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты, бүгін, 10 қаңтар, Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Таңертеңнен бастап Ресей астанасының тұрғындары мен қонақтары, осында тұратын қазақстандықтар, қазақ диаспорасының өкілдері Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі ғимаратының алдына гүл шоқтарын қоюда. Олар қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау білдіріп, сауығып кетуін тілейді.