Жаңалықтар

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті

10.08.2021

Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресей астанасындағы "Чистые пруды" бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Көрнекті тұлғамызға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйлегенін атап өтті.

Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның "Желсіз түнде жарық ай" әнін шырқады.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысымен өткен жылы 10 тамыз Абай күні белгіленген болатын.

Абай ескерткіші Мәскеудегі "Чистые пруды" бульварында 2006 жылы 4 сәуірде мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен ашылды.

Өткен жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары Абайдың 175 жылдығын қалай атап өткенін видеодан көре аласыз: