Жаңалықтар

Қазақстан Елшілігіне Боливия Елшісі сыпайылық сапармен келді

9.08.2021

Қазақстан Елшілігіне Боливия көпұлтты мемлекетінің Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Мария Луиза Рамос Урсагасте ханым сыпайылықпен сапармен келді.

Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы негізгі бағыттар талқыланып, қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.

Кездесу соңында Боливия Елшісі Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.