Жаңалықтар

ҚР-да вакцинацияланған қазақстандықтар Отанына ПТР тестсіз келе алады

20.05.2021

Аталған тәртіп ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысымен қарастырылған.

2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап әуе және құрлық бақылау бекеттері арқылы Қазақстанға кірген кезде, Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцинацияның толық курсын алған Қазақстан азаматтары мен Қазақстанның тұруға ықтиярхаты бар (шетелдік вакцина ПТР тестінің қажеттілігінен босатылмайды) шетелдіктерден растайтын құжат (вакцинация паспорты) болған жағдайда, коронавирустық тесттің теріс нәтижесі туралы ПТР тесті талап етілмейді.

Қалған жағдайларда барлық азаматтардан (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға берілген күннен бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен аспаған ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) талап етіледі.

Қаулының толық мәтінін сілтеме бойынша қараңыз.