Жаңалықтар

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі Ресей Федерациясы СIМ Дипломатиялық академиясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

25.02.2021

ҚР РФ Елшілігінде кеңесші-уәкіл Еркін Тұқымовтың РФ СІМ Дипломатиялық академиясының бірінші проректоры Сергей Алтунинмен кездесуі өтті.

Тараптар білім беру саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының даму жоспарларын және оның даму динамикасын талқылады.

Кездесулерді жүйелі түрде өткізу туралы келісім жасалды.

Қазіргі уақытта университетте 123 қазақстандық студент білім алуда. Посткеңестік кезеңде мұнда барлығы 200-ден астам қазақстандық білім алды, олардың 30-ға жуығы докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғады.