Жаңалықтар

Марапат өз батырын тапты

12.02.2021

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің көмегімен Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандық қатысушы Мұрат Қожановтың отбасына "КСРО жауынгер-интернационалистіне" Белгісі және "Ауған халқынан жауынгер-интернационалистке алғыс" медалі беріледі. 

Марапаттар Ауғанстандағы әскери іс-қимылдар ардагерлеріне арналған "Кундуз 149" 149-шы гвардиялық мотоатқыштар Ченстоховский Қызыл тулы, полктің Қызыл Жұлдыз ордені ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінен берілді. Бірлестіңк қызметі бағыттарының бірі  бұрын немесе басқа себептермен берілмеген әскери мемлекеттік және қоғамдық наградаларды алуға көмек көрсету және іздеу болып табылады.

Қор гвардия майоры Мұрат Қожановтың марапаттау құжаттарын, медалі мен төс белгісін қалпына келтірді.

Ол 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1974 жылы Алматы жоғары әскери құрама командалық училищесін бітірді. Ауғанстанға 1983 жылдың көктемінде 201-ші мотоатқыштар дивизиясының 149-шы гвардиялық Ченстохов мотоатқыштар полкінің мотоатқыштар ротасының командирі лауазымына жіберілді. Қызмет еткен уақытында мотоатқыштар батальоны штабының бастығына дейін жетіп, өзін сауатты, тәртіпті, бастамашыл офицер ретінде көрсете білді. 12 жауынгерлік операцияны дайындауға және өткізуге қатысты. 1984 жылы 16 қыркүйекте жаудың жоғары күштерімен шайқаста ерлікпен қаза тапты.

Интернационалдық борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен батырлығы үшін Қызыл жұлдыз және Жауынгерлік Қызыл Ту (қайтыс болғаннан кейін) ордендерімен марапатталған.