Жаңалықтар

"Бәйтерек" холдингі мен ВЭБ.РФ инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

4.12.2020

Бүгін Мәскеуде өткен Бірінші Еуразиялық конгресс аясында "Бәйтерек" ҰБХ» АҚ мен "ВЭБ.РФ" даму мемлекеттік корпорациясы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

А.Әріпханов атап өткендей, "Бәйтерек" холдингі Қазақстан экономикасына инвестициялар құюшылар үшін сенімді серіктес болып табылады, ал олардың табысқа қол жеткізуі қолайлы және ашық нарықтық жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты. Сондықтан Холдингтің негізгі қызметтерінің бірі –  халықаралық қаржы ұйымдарымен, банктермен, инвестициялық қорлармен және халықаралық компаниялармен өзара тиімді қарым-қатынастарды жолға қою.

Келісім шеңберінде бірлескен инвестициялық жобаларды ынтымақтаса іске асыру, сауданы және экспортты қаржыландыру саласында, сондай-ақ Қазақстанда синдикатталған кредитті дамытуда өзара іс-қимыл жасау жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Игорь Шувалов Қазақстанмен ынтымақтастық VEB.RF халықаралық күн тәртібінің басым бағыттарының бірі болып табылатындығын, ал "Бәйтерек" корпорацияның республикадағы әлеуетті серіктесі болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ, пандемияға қарамастан, ВЭБ.РФ ұжымы "Бәйтерек" холдингімен тәжірибе алмасу тоқтатылмағанын да қоса айтты. 

Сонымен қатар, бүгін Бірінші Еуразиялық конгресс шеңберінде Холдингтің еншілес ұйымы – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) екі стратегиялық маңызды құжатқа қол қойды, атап айтқанда, ҚДБ-ға 5,7 млрд рубль көлемінде кредиттік желі ұсынуды көздейтін Еуразиялық Даму Банкімен (ЕАДБ) кредиттік шарт және ВЭБ.РФ, ЕАДБ, Беларусь Республикасының Даму Банкі мен ҚДБ арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.