8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтеді. Ресейдегі ҚР азаматтары еліміз Елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақытымен сағат 07.00 – 20.00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар, 3 "А" (ҚР Елшілігінің ғимараты).
Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне +7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады.
Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:
Санкт-Петербург қаласы – Рылеева көшесі, 10 үй, сайлау учаскесі нөмірі 290, сайт http://gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg?lang=ru
Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайлау учаскесі нөмірі 301, сайт http://kzkazan.ru/ru
Астрахань қаласы – Акварельная көшесі, 2Б үй, сайлау учаскесі нөмірі 291, сайт www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan?lang=ru
Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй, сайлау учаскесі нөмірі 292, сайт www.kz-omsk.ru
Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажет.