Жаңалықтар

Омбы жеріндегі кездесулер

20.09.2020

Бүгін Омбы қаласына сапары аясында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев жергілікті жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті: Омбы мемлекеттік техникалық университеті, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Омбы мемлекеттік медицина университеті, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті.

Ермек Көшербаев ректорларға биылғы көктемде пандемия кезінде қазақстандық студенттердің отанына оралуына көмектескендері үшін ризашылығын білдіріп, шекара ашылған кезде оқуға оралу мәселелерін талқылады. Омбы университеттерінің басшылары өз тарапынан оларды қазіргі форс-мажорлық жағдайларда қашықтықтан оқыту форматын ұсынуға дайын екендіктеріне сендірді. Қазіргі уақытта Омбы облысының университеттерінде 10 мыңға жуық қазақстандық студенттер білім алуда.

Сондай-ақ, Ермек Көшербаев жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті, оның ішінде: "Мөлдір" Сібір қазақ мәдениетінің орталығы, "Қазақ ұлттық мәдени орталығы", "Шоқан жолы" қазақ дәстүрлерін жаңғырту", "Омбы қазақтары", "Мирас" қоры және "Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы". Кездесуде отандастарды толғандыратын қазақ тілін үйренуге байланысты өзекті мәселелер және бірлескен гуманитарлық жобалар қозғалды.

Сонымен қатар, өткен жылы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау кезінде Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы Қарулы Күштер ардагерлерінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес жауынгерлерінің өмірін сақтап қалған дәрігерлердің және медбикелердің ерліктерін мәңгі есте қалдыру туралы бастама көтерілген болатын. Олардың арасында белгілі қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың да аты бар. Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратында орнатылған мемориалдық тақта жобасының авторы: Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Өнер академиясының академигі Мейрам Баймұханов болатын.