Жаңалықтар

Шетелдік дипломаттар Бірыңғай дауыс беру күні сайлау процесінің барысымен танысты

13.09.2020

Бүгін Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кеңсесіне Қазақстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның Төтенше және Уәкілетті Елшілері келді.

Еске сала кетелік, бүгін елдің барлық дерлік өңірлерінде Бірыңғай дауыс беру күні: субъектілердің және заң шығару органдарының басшыларын сайлау, сонымен қатар Мемлекеттік думаның қосымша депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Кездесуді аша отырып, Ресей ОСК төрағасы Элла Памфилова бір-бірінің тәжірибесін нақтылы және мұқият зерделеу туралы айтып берді. "Бізде екіжақты да, көпжақты да форматтарда және, айта кетерлік жайт, халықаралық бейіндік ұйымдар шеңберіне де өзара ықпалдастық орнатылған. Сіздерден, басқа республикалардағы біздің әріптестерімізден де сияқты, шын мәнінде көп нәрселерді үйренуге болады деп ойлаймын. Осындай өзара ықпалдастықты қолдайтын боламыз, біздің әріптестерімізді көруге әрқашан да қуаныштымыз", – деп атап өтті ол.

ОСК аппараты басшысының орынбасары Владимир Грачев та сайлау органдарының мемлекетаралық ықтымақтастығын көпжақты, жемісті және таяудағы жылдары дамуға қабілетті деп санайды. Ол басқа елдегі сайлауды бақылау барысында әрқашан да өз пайдалануыңа алуға болатын қызықты әрі пайдалы тәжірибе табылатындығын айта кетті.

Өз тарапынан, Ресейдегі ағымдағы сайлау процесін бағалай отырып, Ресей Федерациясындағы Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев коронавируспен байланысты күрделі жағдайда мерзімінен бұрын және қашықтан дауыс беру мүмкіндігін маңызды опция деп атады. Оның пікірінше, бұл тәжірибе  мұқият зерделеуді керек етеді, өйткені цифрлық технологиялар бүгінгі таңда сайлау процесінің негізгі трендіне айналуда және Қазақстан мен Ресейдің сайлау комиссияларының арасындағы келешек ынтымақтастық үшін негіз бола алады.

Осы орайда, Ермек Көшербаев тамыз айында өткен Қазақстан Парламентінің Сенатына сайлаудың қорытындылары туралы айтып берді. Дипломат олардың қызықтырарлық ерекшелігі әйелдердің саяси белсенділігінің артуы деп атады: сайланған 17 сенат мүшелерінің 5-уі әйелдер қауымының өкілдері болып табылады, бұл – 29%, ал 2014 және 2017 жылдары өткен алдыңғы сайлауларда бұл көрсеткіш небәрі 6% болған.

Биліктегі "Нұр Отан" партиясында бүгіндері өтіп жатқан праймеризді Елші Қазақстандық электоралдық процестің тағы бір жаңалығы деп атады. Жеңімпаздар алдағы, таяудағы уақыттарда өтетін Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне сайлауда партия тізіміне енгізілетін болады. Осыған байланысты, елдердің арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасы оған дейін қалпына келтірілетіне сенім білдіре отырып, Ермек Көшербаев сайлауға Ресейден бақылаушылар шақырды.