Жаңалықтар

Ресейден Қазақстанға екі қазақстандық медициналық ұшақ келіп жетті

10.07.2020

Жуырда Қазақстан халқына үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілетінін атап өтті. Үкімет пен әкімдер халықты барлық қажетті медициналық препараттармен қамтамасыз ету үшін шұғыл жұмыстар жүргізуде.

Осы мәселе бойынша, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шетелдік серіктестермен гуманитарлық көмек саласында жұмыс күшейгенін айтты. Ол айтқан ресейлік екі гуманитарлық ұшақ, оның ішінде медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері мен дәрі-дәрмектер Қазақстанға келді.

Елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, Ресейдің Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі және Қазақстанның Сауда Өкілдігімен бірлесіп, қазақстандық фармацевтикалық компанияларға Ресейдің өндірістік зауыттарынан дәрі-дәрмек сатып алу және байланыс орнатуда қолдау көрсетті.

Бүгін, 10 шілдеде Қазақстанға медицина саласына қажетті жалпы салмағы 55 тонна дәрі-дәрмектер тиелген алғашқы екі қазақстандық ұшақ келді.