Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Отан қорғаушы күніне арналған құттықтау

7.05.2020

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі барша қазақстандық ер азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтайды!

Бұл мейрам еліміз үшін ата-бабамыздың ерлік даңқын паш ететін және ұрпақтар сабақтастығының символына айналған жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Бүгінде аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен батырлыққа өрілген жолын қазақстандық жауынгер жастарымыз абыроймен жалғастыруда. Олар Отанға қалтқысыз қызмет ету мен оны ерлікпен қорғауды басты қағида ретінде ұстанады.

Сіздерге дендеріңізге саулық, бастаған әрбір істеріңізге сәттілік, тәуелсіз еліміздің кемел келешегі үшін жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер