Жаңалықтар

Ресей арқылы әуе транзитін жоспарлаған қазақстандықтардың назарына!

27.03.2020

Ресей арқылы әуе транзитін жоспарлаған қазақстандықтардың назарына!

29 наурызда жергілікті уақыт бойынша 22.35-те мәскеулік Домодедово әуежайынан "Эйр Астана" әуе компаниясының рейсі Алматыға орындалады.

Осыдан кейін Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер толығымен тоқтатылады. Өзге елдерден Ресейге 29 наурыздан кейін келуге ниет білдірген Қазақстан азаматтарына келесі ақпарат. Отанымызға өзге елдерден Ресей арқылы келуге ниетті азаматтар жуықтағы мемлекет елшіліктерімен байланысуы керек.