Жаңалықтар

Сергей Лавров "Барыс" орденімен марапатталды

21.03.2020

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның "Барыс" орденімен марапатталды. Бүгін Ақорданың баспасөз қызметі аталмыш марапат туралы Мемлекет басшысының Жарлығын жариялады.

С.В.Лавровты І дәрежелі "Барыс" орденімен наградтау туралы.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

  1. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы жан-жақты ынтымақтастық және стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров І дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын. 
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев. Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 наурыз. № 291.