Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған құттықтау

21.03.2020

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі.

Наурыз – әрбір шаңырақта "қызыр түнін" күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесіне айналғаны қашан.

Ежелден осы мерекеде жеті дәмнен наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын ынтымақ-бірлік мерекесіне айналған.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.