Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейстері жолаушыларының назарына

19.03.2020

Мемлекеттік шектеулердің салдарынан 18 наурыз бен 15 сәуір аралығындағы FlyArystan-ның КС7901/7902 Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстері орындалмайтынын хабарлаймыз.

Қазақстан азаматтары Эйр Астана әуекомпаниясының рейстерімен ақысыз түрде репаириацияланып, туған жеріне қайта орала алады.

Ұшып шығулар Мәскеулік Домодедово әуежайынан орындалады.

Жақын арада сіздің электронды поштаңызға Эйр Астана әуекомпаниясынан жаңа билет жіберілетін болады.