Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Мәскеу әуежайларынан Қазақстанға ұшуды жоспарлаған Қазақстан азаматтарының назарына

18.03.2020

Ресей Федерациясының аумағында COVID – 19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу бойынша енгізілген шараларға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстанға ұшуды жоспарлаған кезде рейстер кестесінің өзгеруі жөніндегі ақпаратты тек түпнұсқалық көздері – әуекомпаниялардың ресми ресурстарынан ғана мұқият қадағалап отыруды сұраймыз.

Қазіргі уақытта Мәскеу әуежайынан Қазақстанға рейстері: "Внуково" әуежайынан "Air Astana", "Домодедово" әуежайынан "SCAT", "Шереметьево" әуежайынан "Аэрофлот" әуекомпанияларымен жүзеге асырылады.

Үшінші елдерден Қазақстанға келе жатқан Қазақстан азаматтары үшін транзиттік аймақ "Шереметьево"әуежайының F терминалында ғана жұмыс істейді.

Осыған байланысты, Қазақстанға Мәскеудегі түйісу рейсімен үшінші елдерден қайтып келе жатқан ҚР азаматтары билеттерді тек "Аэрофлот" әуекомпаниясынан ғана сатып алуы тиіс. Бортқа отырғызуды тіркеу кезінде әуекомпания өкілдері Қазақстанға билет беруді талап етеді.

"Аэрофлот" әуекомпаниясының билеті үшінші елдің Мәскеу" Шереметьево "әуежайына баратын пунктінен ғана сатып алынған және ҚР азаматында Мәскеуден Қазақстанға" Аэрофлот " түйіспелі рейсіне билет болмаған жағдайда, жолаушылар Мәскеуге үшінші елдің ұшу пунктіне рейске жіберілмейді.

Сондай-ақ, 22 наурыздан бастап 00.00-ден бастап Алматыдан әуе және теміржол қатынастары толық тоқтатылғанын хабарлаймыз.

Рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы ақпаратты тек түпнұсқа көздерден – авиакомпаниялардың ресми ресурстарынан ғана бақылап отыруды қайта сұраймыз:

Air Astana https://airastana.com/rus/ru-ru

"Аэрофлот" https://www.aeroflot.ru

СКАТ http://www.scat.kz/kz 

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер