Жаңалықтар

Қазақстандықтар паралимпиадалық ат спортында сәтті өнер көрсетті

14.01.2020

Мәскеу маңындағы "Maxima Stables" ат спорты клубында "CPEDI 3*" дәрежесі бойынша халықаралық паралимпиадалық жарыс өтті. Оған Қазақстан ат спорты Паралимпиадалық құрамасы қатысты, атап өтсек: Елена Шишаева, Айғаным Ермекова және Ринат Бектурсунов.

Бұл сайыстың қорытындысы Токио-2020 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін бағаланады және біліктілік ұпайларын тағайындайтын дода. Елімізден үш спортшы қатысты, олардың барлығы алғаш рет қатысқанына қарамастан шабандоздарымыз сәтті өнер көрсетіп, жоғары деңгейлі баға алды.

Айғаным Ермекова мен Ринат Бектурсунов "командалық тест" және "жұптық жарыс" номинациялары бойынша үшінші орынға ие болды.