Жаңалықтар

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялады

27.12.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады" делінген хабарламада.

Бүгін, 27 желтоқсан күні, жергілікті уақыт бойынша сағ. 07:22-де Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша №Z2100 рейсін орындаған Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетондық қоршауға соғысты. Содан соң екіқабатты үйге соқтығысты. Бортта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы мәліметке сәйкес, 12 адам қаза тапты.