Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Ғ.Жұбанова атындағы қазақ мемлекетік ішекті аспаптар квартеті Ресейде өнер көрсетті

5.10.2019

Ғазиза Жұбанова атындағы қазақ мемлекетік ішекті аспаптар квартеті Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында концерт қойды.

Қазақстандық өнерпаздар бұл еңбектерін көптеген жыл осы топқа ұстаздық еткен танымал виоленчельші Валентин Берлинскийге арнады. Квартет Ресей астанасында екі бірдей кеш өткізді. Оның бірі Мәскеудің ұлттар үйінде болды.

Айта кетейік, Ғазиза Жұбанова атындағы қазақ мемлекетік ішекті аспаптар квартеті көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысып жеңімпаз атанған. Репертуарында әлемдік деңгейдегі туындылармен қатар қазақ композиторларының да шығармалары бар. Ұжым Еуропа мен Американың танымал сахналарында өнер көрсетіп жүр.

Ернар Мынтаев, квартеттің көркемдік жетекшісі:

– Бүгінгі кештің айырмашылығы кезінде квартеттің жетекшісі болған ұстазымыз Валентин Берлинскийге арналған. Мұндай концерт ұйымдастыру идеясы бірнеше жыл бұрын туындаған. Бірақ қаражат жағы шешілмей, тек биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер