Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов Владислав Квасовты Түменде Құрметті консул қызметіне тағайындалуымен құттықтады

30.09.2019

Бүгін, 30 қыркүйекте, Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Түмен облысы губернаторының кеңесшісі Владислав Квасовпен кездесу өткізді. Елшіліктің кеңесші-уәкілдері және қатысқан кездесудегі басты тақырып тарих табыстырған екі ел арасындағы қарым-қатынас болды.

Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетов Владислав Квасовты жаңа қызметімен, яғни Қазақстанның Түмен облысындағы Құрметті консулы атануымен құттықтап, оған консулдық патент табыстады. Тасмағамбетов атап өткендей, теңқұқықты ықпалдастық пен тату көршілік қатынастардың қалыптасқан арнада Квасов мырзаның қосар үлесі осы бағыттың одан әрі дамуының негізін қаларына сенім мол.

Өз кезегінде, Владислав Квасов елшілік басшылығына алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптестер екенін, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық маңызды салаларына белсене ат салысатынын сөз етті.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер