Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі Мәскеуге барды

17.09.2019

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев Мәскеуге ресейлік әріптесі, армия генералы Сергей Шойгудың шақыртуымен келді.

Кездесу барысында министрлер бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық, нормативтік-құқықтық базаны және әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі мәселелерді талқылады.

Ресми сапар аясында ведомство басшысы 20 мамандық пен бес мамандану бойынша дайындық жүргізіліп жатқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетіне барды. Университет жұмысының негізгі бағыты - шет мемлекеттердің қарулы күштері үшін оның ішінде қазақстандық курсанттардың мамандарын даярлау.

Әскери салада екі мемлекет бірлескен әскери мақсаттағы өнімді бірлесіп жеткізуді, әскерилер мен әскери-техникалық кадрларды дайындау және оқытуды, бірлескен кәсіпорындар, қару-жарақ пен әскери техника көрмелерін жүзеге асырады.

Әскери-техникалық сала маңызды болып табылады. Олардың қатарында: Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстан үшін тиімді басымдық – тікелей өндіруші зауыттардан ішкі мемлекеттік (ресейлік) бағамен қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Ресейдің Қарулы Күштері өзара іс-қимыл жылдары аралығында, оның ішінде, ҰҚШҰ, ШЫҰ және Армиялық халықаралық ойындары шеңберінде бірлесіп 60-тан аса оқу-жаттығуға қатысты. Бұл күндері қазақстандық пен ресейлік армияның бөлімшелері қатысып жатқан "Шығыс – 2019", "Орталық–2019" оқу-жаттығулары, сондай-ақ Каспий флотилиясы корабльді күштерінің бірлескен оқу-жаттығулары өтуде.