8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Құрметті азаматтар!
Елден тыс тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы көмегімен алу барысында қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен ұйымдастыру мақсатында, 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейін пилоттық жоба шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде ресімдеуге болатынын хабарлауға қуаныштымыз.
Ол үшін:
- ҚР Ұлттық куәландыру орталығының ресми сайтына кіру http://www.pki.gov.kz
- ЭЦҚ алу үшін өтініш толтыру
- өтінішті басып шығару, оған қол қою
- Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің Консулдық бөліміне өтініш және өз басын куәлантыратын құжатпен бірге келу қажет.