Жаңалықтар

"Эйр Астана" мәскеулік рейстерді Домодедово әуежайына ауыстырады

21.08.2019

Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушысы "Эйр Астана" әуекомпаниясы 2019 жылғы 27 қазаннан бастап өзінің мәскеулік рейстерін Домодедово әуежайына ауыстыруы туралы хабарлайды. Рейстерді ауыстыру іркіліссіз жүзеге асырылатын болады.

Әуежайды ауыстыру Нұр-Сұлтаннан (қысқы кезеңде апта сайынғы 11 рейс) және Алматыдан  (қысқы кезеңде апта сайынғы 14 рейс) орындалатын рейстерге қатысты. "Эйр Астана" әуекомпаниясының брондау жүйесіне 2019 жылғы 27 қазаннан бастап орындалатын рейстерге байланысты өзгерістер енгізілді.

Ресей астанасында базалық әуежайдың ауысуы, ең алдымен, S7 әуекомпаниясымен кодшерингтік келісімді жасағанымен байланысты және Домодедово сол әуетасымалдаушысы үшін негізгі көлік торабы болып табылады.
 
Мәскеудің оңтүстігінде орналасқан Домодедово әуежайы 2018 жылы 29,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 202 бағыт бойынша ұшатын 50 ірі әуе тасымалдаушысы енетін OneWorld және Star Alliance жаһандық одақтар мүшелері үшін базалық әуежай. Сондай-ақ, әуежай Қазақстан, Новосибирск және Санкт-Петербург арасындағы рейстерді орындау бойынша Air Astana жақында кодшерингті келісімге қол қойған 

Домодедово әуежайының терминалында 140 астам дүкен, дәмхана, бар мен мейрамхана, сондай-ақ тегін Wi-Fi бар. Әуежайдың "бір шатырдың астында" тұжырымдамасы халықаралық және ішкі рейстерге бір терминалда қызмет көрсетілетіндігін білдіреді. Бұл транзиттік жолаушылар үшін уақыт үнемдеуді және қолайлылықты қамтамасыз ете отырып,  әуежайдың өткізу қабілетін арттырады.

Әуежайдан Мәскеудің орталығына (Павелецкая станциясы) дейін такси мен экспресс-автобустардан бөлек, Aeroexpress жедел пойызында 40 минутта жетуге болады.

"Эйр Астана" Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшуды 2002 жылғы қыркүйекте бастады. Сол кезден бастап әуекомпания осы бағыттар бойынша  3,5 млн. астам жолаушыны және 26 мыңнан астам жүкті тасымалдады. Жазғы кесте бойынша "Эйр Астана" апта сайын "Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша 12 рейс және "Алматы-Мәскеу-Алматы" бағыты бойынша 16 рейс орындайды. Ұшулар Airbus және Boeing жайлы әуелайнерлерінде орындалады.