Жаңалықтар

Қостанайда еріктілер қозғалысы бойынша қазақстандық-ресейлік форум өтеді

21.02.2019

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында Қостанайда өтетін еріктілер қозғалысының қазақстандық-ресейлік форумына қатысады, деп хабарлады ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев. 

"Мамыр айында мемлекет басшысының қатысуымен Қостанайда еріктілер қозғалысы бойынша қазақстандық-ресейлік форум өтеді. Ресейде бұл бағыт дамыған және мемлекеттік масштабқа ие болған. Және бізге де солардың тәжірибесінен үйрену керек", – деді Д.Калетаев Атыраудағы жастармен кездесуде.

Кездесу барысында министр елден жастардың кетуіне назар аударды.

"Ақыл-ойдың жылыстауы" – бұл жалпы әлемдік қарқын. Және бұл мәселе көптеген елдерде өзекті. Мәселен, көрші Ресей бұл мәселеде үлкен қысым көруде. Жастар жылы аясында президент жас ғалымдарға арналған грантқа 3 млрд теңге бөлу туралы бастамасын айтты. Жалпы, біз есептегендей, бүгінде осындай гранттарға 21 млрд теңгеден астам бөлуде. Ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ олар негізінен бұрыннан бері ғылыммен айналысып келе жатқан ғалымдар арасында бөлінуде. Жас ғалымдарға бұл қаржы жетпей қалып жатады. Сондықтан мемлекет басшысы жас ғалымдар үшін 3 млрд теңге бөлу туралы бастаманы қолдады. Ел көлемінде, мүмкін, сома азғантай шығар, бірақ бұл бірінші қадам", – деп атап өтті Д.Қалетаев.

Еске салсақ, 1 қаңтарға қараған түні президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа жылдық құттықтауы барысында 2019 жылды Жастар жылы деп атады.