Жаңалықтар

Жаңа авиарейс Мәскеу мен Семей байланыстырады

19.02.2019

ҚР ИИДМ Азаматтық Авиация Комитеті интеграциялық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы көліктік қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді.

Ресейлік "Сибирь" авиакомпаниясы (S7 Airlines) 2019 жылғы 28 мамырдан бастап, Новосибирск – Астана бағытында тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) A319 типті ұшақпен орындалатын болады.

Сонымен қатар, тасымалдаушы Мәскеу – Семей бағыты бойынша рейсті ашуды жоспарлап отыр.

Мұнымен қоса, әуе компания 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигациясында Қазақстанға ұшатын өз рейстерінде ұшу жиілігін арттыруды көздейді. Мәскеу – Тараз бағытындағы әуе рейсін аптасына екі рейске дейін, Мәскеу – Орал аптасына үш рейске дейін, Новосибирск – Қарағанды аптасына үш рейске дейін, сондай-ақ Новосибирск – Өскемен бағытындағы ұшуларды аптасына 4 рейске дейін жиілігін арттыру жоспарлануда.