Жаңалықтар

Мәскеуде Әлия Молдағұлованы еске түсірді

11.02.2019

Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өлімнiн 75 жыл толуына арналған кеш өтті.

Бұл шара Мәскеу қаласының "Әлия Молдағұлова атындағы №402 гимназия" мемлекеттік бюджеттік білім мекемесімен бірлесіп өткізілді.

Кеш қонақтары Мәскеу қаласының орта мектептері оқушылары, соғыс және еңбек ардагерлері, мәскеулік жоғары оқу орындарының, қоғамдық ұйымдардың, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық студенттер болды.

Олар оқушылардың салтанатты түрде сапқа тұруына қатысып, одан кейін бюсттіне гүл шоқтарын қойды.  Мектеп оқушылары қонақтарға мерекелік концерт қойды, одан кейін мектептердегі Әлия Молдағұлова мұражайында экскурсия өткізілді.