Аңдатпа

Астанада "Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету" атты Министрлік Конференциясы өтеді

11.06.2017

2017 жылы 11-14 маусымда Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» тақырыбында Министрлік конференциясы және тұрақты даму энергетикасы мәселелері жөніндегі VIII халықаралық форум өткізіледі.

Форумды Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ аймақтық комиссияларымен (ECE, ESCAP, ESCWA, ECA, ECLAC), БҰҰ маманданған ұйымдарымен (UNIDO, UNDP, SE4ALL және т.б.) және басқа да серіктестермен (IEA, IRENA, Energy Charter) бірлесіп өткізеді.

Бұл шаралар ЭКСПО алаңындағы халықаралық деңгейдегі салтанатты іс-шаралар қатарынан көрінетін ШЫҰ мемлекет басшылары Саммитінің (8-9 маусым) жалғасы болып табылады.

Қорытынды құжат ретінде тұрақты энергетикаға жылдам ауысуға ықпал ете отырып, жалпыға бірдей жақындауды және үкімет тарапынан нақты басым іс-шаралар көрсететін Министр декларациясының қабылдануы күтілуде.