8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
14 тамызда Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтуде, онда экономика және қаржы саясаты, энергетика және инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, сауда және кедендік реттеу салаларындағы мәселелері талқыланады.
Іс-шараға қатысушылар Армения Республикасының Премьер-министрі Карен Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Андрей Кобяков, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясы үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян.
Еуразиялық экономикалық одағының (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕурАзЭҚ сандық күн тәртібінің негізгі бағыттарын және мүше-мемлекеттер қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Шарт жобасын жүзеге асыру дайындығын талқылайды.
Энергетика және инфрақұрылым саласында ортақ энергетикалық одағы нарығының шеңберінде сауда орталық ұйымдастыру үшін сауда алаңдарын пайдалануды, нарықты қалыптастыру шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ елдері үйлестірілген(келісілген) көлік саясатының әуе көлігі тұрғысынан негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ("Жол картасы") 2018-2020 жылға бекіту туралы мәселелері қарастырылады.
Күн тәртібінде – Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстанның қосылуына байланысты қалыптасқан оларға қатысты тәуекел профильдер пайдаланылған тауарларды кедендік декларациялау практикасының мониторингі бойынша есеп, ЕурАзЭҚ-тың Кеден кодексі туралы Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу мәселелері.
Сонымен қатар, Үкіметаралық кеңесінің мүшелері 2016 жылдың мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы кедендік әкелу баждарын қабылдау және бөлу туралы есеп беріледі.