8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Сирия бойынша бесінші кездесуде деэскалация аймақтары бойынша жұмыстар жалғастырылады.
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Астанадағы Сирия бойынша кездесуде қозғалатын мәселелер туралы айтты. "Кепіл елдерден алынған мәлімет бойынша, Астана процесі аясында 2017 жылғы 4-5 шілдеде өтетін Сирия бойынша бесінші халықаралық кездесуде Сириядағы деэскалация аймақтарын құру туралы меморандумның қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табады", — делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, дәлірек айтқанда, тараптар деэскалация аймақтарының шекарасы мен картасы бойынша келісімге келу, деэскалацияны бақылаушы күштердің қызметін анықтайтын құжаттарды реттеу және координациялық орталық туралы қағидаларды сәйкестендіру бойынша жұмыс істейді.
"Кепіл елдер ұсталғандарды/тұтқындарды, қамаудағыларды босату, қаза тапқандардың мәйітін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша құрылатын жұмыс тобы туралы заң қабылдамақ", — делінген хабарламада. Сонымен бірге, тараптар Сириядағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енген тарихи ескерткіштерді гуманитарлық минасыздандыру туралы ортақ мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.
Источник: http://sputniknews.kz