Аңдатпа

27 қыркүйегінде IХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік тарихи конференция өтедi

20.08.2018

Конференция екі еркін тақырыпқа арналады:

– Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанға, Орталық Азияның басқа да елдеріне және Батыс Сібірге қоныс аударушылар мен қашқындар. Қоныс аударған, қашып келген адамдардың тағдырлары, өндіріс орындары, мәдениет мекемелері, сондай-ақ жаһандық саяси оқиғалардың нәтижесінде тұрғылықты орнын ауыстыруға мәжбүр болған халықтардың өмірі туралы;

– Орталық Азия және Батыс Сібіреврейлерінің тарихы.

Конференция ұйымдастырушылары: "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" мемлекеттік мекемесі және "Мицва" Ассоциациясы.

Өткізілетін орны: "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" мемлекеттік мекемесі, 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 87б, тел. (727) 264-69-07, 264-59-35, факс. (727) 264-68-21.

Мақала мәтіндерін 2018 ж. 01 қыркүйегіне дейін мына электрондық мекенжайларға жіберулеріңізді өтінеміз: arc-publish@mail.ru,baron@mitsva.kz, contact@mitsva.kzСондай-ақ баспа түрінде мына мекенжайға: 050004, Алматы, Мақатаев көшесі 88, 22 п. Жарияланым саны бір автормен шектелмейді. Ұйымдастырушылар жарияланымдарды таңдауға және өңдеуге құқылы. Жеке файлмен иллюстрациялық материалдарды жіберуге болады.

Конференция қатысушыларына ұйымдастырушылық жарна төленбейді. Сөз сөйлемейтін авторлардың баяндамалары тегін таратылатын жинаққа енеді. Конференцияға баяндамамен қатысуға келесі нұсқалар ұсынылады: конференцияға келіп қатысу, пошта арқылы ұйымдастырушыға алдын ала жіберілген дискке жазылған баяндама, онлайн режиміндегі тікелей эфир (Skype – баяндама мәтінін жіберу міндетті).

Мәтінге қойылатын талаптар: шрифт Times News Roman 14 , интервал 1.5, жиегі 2 см. Мәтінде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер тік жақшамен реттік нөмір арқылы жазылады. Әдебиеттер дереккөздері мақала соңында беріледі.

Мәтіндерге автор туралы ақпарат қоса беріледі: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, байланыс деректері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшын.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға: +7(727)2734208, 2735449, факс: +7(727)2731249, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына хабарласуларыңызды өтінеміз.

Конференция 2002 ж. бері араға екі жыл салып өткізіліп келеді. Оған Орталық Азия, Белоруссия, Израиль, Канада, Латвия, Ресей, АҚШ, Украина және басқа да елдерден келіп қатысады. Конференция нәтижесінде 8 кітап жарияланған.