Аңдатпа

Астанада Еуразиялық Медиа Форум өтеді

23.06.2017

2017 жылдың 23-24 маусым күндері Астанада XIV Еуразиялық Медиа Форум өтеді.

Форумға қатысушылар – әлемдік медиакеңістігінің көрнекті қайраткерлері, пікір көсбасшылары және әр саланың кәсіпқой мамандары - медиакеңістігінің жаһандық қайта құру мәселелерін, дағдарыс заманында төтеп беру, әскери қақтығысты саяси үдеріспен шешу, мәліметтерді сенімді сақтау технологияларының ерекшеліктерін, бизнеске арналған стратегиялық есептер және тағы басқа тақырыптарды қоса алғанда әлемдегі және аймақтағы өзекті мәселелерді талқылайтын болады.

2017 жылғы форумда спикерлер мен хедлайнерлер ішінен Дариға Назарбаева, Илон Маск, Насим Талеб, Параг Ханна, Сюдзи Накамура, Билл Ричардсон, Виктор Вексельберг, Дмитрий Песков және тағы басқалар сөз сөйлейді.

Еуразиялық Медиа Форум – жыл сайын өзінің ақпараттық жазығында 60 елдің 600-ден аса делегаттарының басын қосатын халықаралық пікірталас алаңы. Форум өз қызметін 2002 жылы бастаған болатын. Осы жылдар ішінде Еуразиялық Медиа Форум жаһандық үдерістерге бағытталған, қай жағынан да қолжетімді халықаралық конференциялар жүйесінде кең әрі еркін мінбе ретінде айрықша орын алып үлгерді.