Аңдатпа

Астаналық экономикалық форум

15.06.2017

2017 жылдың 15-16 маусымында "Жаңа энергия – жаңа экономика" тақырыбында Х Астаналық экономикалық форум өтеді.

Форум бағдарламасында Қазақстан Президентінің қатысуымен өтетін  пленарлы отырысы, Нобель иегерлерін қоса алғанда, әлемнің жетекші бизнесмендері, банкирлері, экономика саласының ғалымдары мен сарапшыларының кездесулері қарастырылған. АЭФ шеңберінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлемдік сауда және инфрақұрылым, сондай-ақ инновациялар және "жасыл экономика" үш негізгі бағыттарына көңіл бөлінген 20 панельді сессия өткізілетін болады.

Бірлесіп ұйымдастырушы және ақпараттық серіктестер ретінде «The Economist», «Бреттон-Вудстың жаңару комитеті» қоры, БҰҰ, ЭЫДҰ, Бүкіләлемдік банк, ЕҚДБ, SAP, халықаралық агенттіктер мен компаниялар сөз сөйлейді.

Форумды құрудағы мақсат – әлемдік сарапшы-экономисттерінің жаһандық экономикадағы өзгерістерге байланысты бөлек Орта-Азиялық аймақ ретінде немесе бүкіл әлемдік кеңістік ретінде экономикалық даму мәселелерін еркін талқылай алатын халықаралық алаң қалыптастыру.