Афиша

"Современник" театрда "Фариза" спектаклінің премьерасы

28.10.2019

Театрдың мерейтойлық жылында, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында 2019 жылы 31 қазанда сағат 19:00-де Мәскеу театрының "Современник" сахнасында ұлы қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған "Фариза" спектаклінің премьералық көрсетілімі өтеді.

Қойылым мәскеуліктер мен елорда қонақтарын Қазақстанның шығармашылық әлемінің тағы бір қырынан – поэзиямен таныстырады. Оның шығармаларының батыл және прогрессивті мотивтері заманауи көрерменнің үнін табады. Фариза Оңғарсынованың шығармашылығында көрсетілген адами құндылықтар қазір қоғамға моральдық және рухани бағдар іздеуге көмектеседі.

Ақын және ҚР Халық жазушысы өмірі мен шығармашылығы туралы пьесаны драматург Роза Мұқанова жазды.

Спектакльде Қазақстанның түрлі театрларының танымал режиссерлері мен актерлері еңбек етті. Басты рөлдерде: "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, театр және кино актерлері Қуандық Қыстықбаев, Лейло Бекназар-Ханинг және Ерлан Кәрібаев.

Ресей мен Қазақстан театрларының арасындағы шығармашылық міндеттер мен практикалық іске асырудың маңыздылығын ескере отырып, "Современник" театрының сахнасында "Фариза" спектаклінің қойылымы Мәскеуде тұратын қазақтардың арасында оң пікір тапты.

Ұйымдастырушылар спектакль басқа форматта ұсынылады деп санайды.  Мұнда бейнеконтентке ерекше көңіл бөлінді: заманауи технологиялық жабдықтар, дыбыстық әсерлер, көркем безендіру, музыкалық сүйемелдеу, спектакль саундтрегі.

Спектакль билеттерін кассалардан немесе "Современник" театрының сайтынан алуға болады https://sovremennik.ru/perfomances/chystye-prudi/fariza