Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Афиша

Мәскеуде Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді

4.09.2019

7 - 11 қыркүйек 2019 ж; Мәскеу қаласы

07.09 сағ 19:00-де ВДНХ бас сахнасында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы басталады. Құттықтау сөзбен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Ресей Мәдениет министрлігінің өкілдері жиналған көрермендерге тілектерін жолдайды.

Мерекелік бағдарламаны қазақстандық сахна жұлдыздары жалғастырады: Әлібек Днішев, «The Jigits» және «ElDivas» топтары, жас дарын Данелия Тулешова, біртуар опералық әнші Салтанат Ахметова, Абылай Тлепбергенов бастаған қобыз және домбыра триосы және т.б.

Сонымен қатар, «Астана балет» театры солистері бірнеше хореографиялық композицияларын ұсынады, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі репертуарындағы ең танымал шығармаларды орындаса, «Астана Опера» театры бұл шараға бірнеше атақты шығармалармен қоса Нұрлан Бекмұхамбетов шырқайтын «Живет моя отрада» атты әнін тарту етеді. 

8-11 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласының екі кинотеатры отандық киноларды көрсетеді.    

«Қазақ хандығы. Алтын тақ», 2018 ж. реж. Рүстем Абдрашев

08.09 сағ 16:30, Третьяковская галерея, кинозал (Лаврушинский пер., 12, Инженерный корпус)

«Әмре», 2018 ж. - реж. Джефф Веспа

08.09 сағ 19:00, Третьяковская галерея, кинозал (Лаврушинский пер., 12, Инженерный корпус)

«Махаббат туралы дастан», 1954 ж. реж. Шәкен Айманов

09.09 сағ 17:00, кинотеатр «Иллюзион»(Котельническая наб., 1/15)

«Алдар Көсе», 1964 ж. реж. Шәкен Айманов

10.09 сағ 17:30, кинотеатр «Иллюзион»(Котельническая наб., 1/15)

«28 панфиловцев», 2016 ж. реж. Ким Дружинин

11.09 сағ 17:00, кинотеатр «Иллюзион» (Котельническая наб., 1/15)

11 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Мәдениет күндерінің жабылуы. Амир Тебенихин (фортепиано) және Мемлекеттік трио «Forte Trio» П. И. Чайковский атындағы Консерватория кіші залында концерт орындайды.

Амир Тебенихин және «Forte Trio» ұжымының шебер музыканттары халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. «Forte Trio» ұжымының көркемдік жетекшісі, белгілі пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев 11 қыркүйек күні талғамы жоғары көрермен үшін өнер көрсетеді.

 

Баспасөз қызметкерлерін аккредитациялау: szhan76@mail.ru (Аты-жөні, қызметі, БАҚ аталуы)

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер